ШҰҒЫЛ: БҚО-да Спорт басқармасының бұрынғы басшысы М.Оңдағанов 12 жылға сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ақгүл Қарасаева бүгін Дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағанов бастаған сотталушыларға қатысты үкім шығарды.

ШҰҒЫЛ: БҚО-да Спорт басқармасының бұрынғы басшысы  М.Оңдағанов 12 жылға сотталды

Үкім бойынша мүліктерін тәркілеумен бірге М.Оңдағанов 12 жыл, Меңдіхан Жәкенов 11 жыл, Қоныс Жетпісов пен Тұрарбек Бекарыстанов 8 жыл қатаң режимдегі колонияда өтеуге сотталды.

Сонымен қатар олар 5 жылға мемлекеттік қызмет атқару құқықтарынан айырылды. Оларға ұйымдасқан топ құрып, 170 млн. астам теңге бюджет қаржысын қымқырды деген айып тағылған болатын. Үкім заңды күшіне енген жоқ.