ШҰҒЫЛ: Boeing 767 ұшағы Варшава әуежайына қона алмай, қаланы айналып ұшып жүр
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Польшаның ұлттық авиатасымалдаушысы LOT әуе компаниясының ұшағы Варшава үстінде ұшып жүр. Ұшақ қонар кезде оның шассиі ашылмай қалған,
деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Ұшақ ішінде 230 адам бар. Фредерик Шопен атындағы халықаралық "Окенче" әуежайының барлық қызметі ұшақтың апатты қонуына дайындалуда.