19:14, 04 Тамыз 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Боксшы Біржан Жақыпов ширек финалда
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Лондон Олимпиадасында 1/8 финалда шаршы алаңға шыққан боксшы Біржан Жақыпов филиппиндік Марк Барриганы жеңді.

Бірінші таймда 5:4 есебімен басым түскен жерлесіміз, екінші раундта 6:3 есебімен жеңіліс тапты. Үшінші раунда қарқынын үдете түскен Біржан 9:3 есебімен қарсыласын ойсырата ұтты.
Айта кетейік, 1984 жылы туған шымкенттік Біржан Жақыпов Мырзағали Айтжановтың қол астында жаттығады. 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылғы XVI жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы.