ШҰҒЫЛ: Бүгін Астанада Bushido FC чемпионы атағы үшін ережесіз жекпе-жектер өтеді
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін, Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде ҚР Президентінің Кубогы үшін аралас жекпе-жектен ММА Халықаралық Тунирі өтеді.
Бағдарламада: Alash-Pride KZ батырлары II Әлем Құрамасына қарсы.
Bushido FC чемпионы атағы үшін бірнеше жұп бақ таластыратын болады.Кештің басты жекпе-жегі Қазақстан балуаны Төлеген Ақылбеков пен АҚШ спортшысы vs Боп Сапптың арасында өтеді.
Кеше "Хан шатыр" сауда, ойын-сауық кешенінде балуандардың салмағын өлшеу өткізілді. Шоумен, «Қаныпезер құбыжық» атанып кеткен Боб Сапптың салмағы 155 келі болса, Төлеген Ақылбеков таразыда 105 келі тартты.
Велотректе бұдан өзге тағы тоғыз жекпе-жек өтеді деп күтілуде. Алаңда кездесетіндердің арасында қазақстандық Ержан Естанов пен жапондық vs Shimuzi Shiniuzi; қазақстандық Қуат Хамитов пен ресейлік vs Сергей Голяев бар.
Ойындар кешкі сағат 19.00-де басталады. Ұйымдастырушы - Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі.
Анықтама: «BushidoFCVol. 51 inAstana» Халықаралық турнирі Астанада алғаш өткізіліп отыр. Алаңда Америка, Ресей, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корей, Молдова, Литва, Румыния және Қазақстанның сайыпқырандары кездеседі. Сонымен қатар турнирге құрметті қонақтар мен белгілі спортшылар қатысатын болады.