ШҰҒЫЛ: Бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министрі М. Өмірияев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияевқа қатысты шешім шығарды.
Ол ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігі (ірі көлемде пара алу) бойынша айыпты деп танылды. М. Өмірияевтің барлық мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 7 жыл мерзімге жұмыс істеу құқығынан, 10 жыл бас бостандығынан айырылды.
Экс-шенеунік қатаң режімдегі колонияда өтейтін болады.
Естеріңізге сала кетейік, М. Өмірияев мемлекеттік сатып алулар конкурсында кәсіпкерге жеңімпаз атануға көмек бергені үшін 100 мың АҚШ доллары сомасында пара алды деп айыпталған болатын.