ШҰҒЫЛ: «Демократия институты» Қазақстандағы парламенттік сайлаудың Exit-poll нәтижелерін ұсынды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы Қазақстандағы парламенттік сайлаудың Exit-poll нәтижелерін ұсынды.

ШҰҒЫЛ: «Демократия институты» Қазақстандағы парламенттік сайлаудың Exit-poll нәтижелерін ұсынды

Оның нәтижелерімен журналистерді жоба бойынша директор Юлия Кучинская таныстырды.

Мәліметтерге сәйкес, «Нұр Отан» ХДП 81% дауыс жинады, «Ақ жол» партиясы - 7,3%, Қазақстан коммунистік халықтық партиясы 7,3%, ЖСДП - 1,4%, «Ауыл» партиясы 1%, Патриоттар партиясы - 0,7%, «Әділет партиясы - 0,6% дауысқа ие болды.