ШҰҒЫЛ: Денис Рейдің анасына Германиядағы ДНҚ сараптамасы барысында екі әскеридің тұлғасын анықтау мүмкін болмағаны хабарланды

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Бас әскери прокуратурада Денис Рейдің анасына «Арқанкерген» бекетіндегі оқиға бойынша Германиядағы ДНҚ сараптамасы барысында екі әскеридің мәйітінің қалдықтарын сәйкестендіру мүмкін болмағанын хабарлады.

ШҰҒЫЛ: Денис Рейдің анасына Германиядағы ДНҚ сараптамасы барысында екі әскеридің тұлғасын анықтау мүмкін болмағаны хабарланды

Атап айтқанда, Бас әскери прокурор Татьяна Рейге Германиядағы «Шарите» құқықтық медицина институтына жіберілген үш мәйітке қатысты сараптама барысында тек Рүстем Ақылбаевтың тұлғасын анықтау мүмкін болғанын жеткізді. Ал қалған екеуі бойынша неміс сарапшылары тарапынан тұлғаны анықтау тұрғысында жарамды ДНҚ жасушалары табылмады.