ШҰҒЫЛ: Днепропетровскіде бір сағат ішінде төрт жарылыс болды, Президент оны бүкіл Украина үшін қыр көрсету деп атады
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Украина Президенті Виктор Янукович бүгін Днепропетровск қаласында болған төрт жарылысты бүкіл ел үшін қыр көрсету деп атады.
Бұл туралы ол Армянскіде өткен брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Укринформ.
«Біз мұны барлығымыз үшін, бүкіл еліміз үшін қыр көрсету екендігін түсінеміз. Біз қалай лайықты жауап беруге болатындығын ойластырамыз. Осылай болғаны өкінішті», - деп атап өтті Янукович. Оның айтуынша, ол Украинаның Қауіпсіздік қызметінің төрағасымен, Ішкі істер министрімен келіссөздер жүргізіп үлгерген.
Президенттің айтуынша, бұл жарылыстарды тергеу үшін тек Днепропетровск қаласының ғана емес, Киевтің де үздік тыңшылары жіберіледі. Ол сондай-ақ, тергеу-жедел тобының құрылғанын хабарлап өтті.
Днепропетровскінің адам көп жүретін жерлерінде бір сағаттың ішінде төрт жарылыс болды, деп хабарлайды Укринформ. Тәртіп сақшылары жарылыстардың салдарынан 9 адам жарақаттанғанын айтуда. «Бес адам бірінші жарылыста, үш адам - екіншісі кезінде және тағы бір адам - үшінші жарылыста жарақаттанды. Қоршалып үлгерген жерде болған төртінші жарылыста зардап шеккендер болмады», - деп хабарлады Укринформ тілшісіне құқық қорғау органдарынан. Зардап шеккен адамдардың барлығы сынықтардан жараланған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Днепропетровскідегі Орталық универмагтың қасында жарылыс болды. Онда оның ошағы сондай-ақ, урнаның қасында болды. Жарылыстың түнде болуынан ғана урнаның қасына кездейсоқ барған бір ер адам ғана қаза тапты.