08:39, 19 Қазан 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Ел аумағында болған төтенше жағдайлар салдарынан бір бала көз жұмып, тағы төртеуі зардап шекті
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда төтенше жағдайлар салдарынан бір бала қаза тауып, төртеуі иіс тиіп уланды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Бүгін Қызылорда қаласында Қорқыт ата көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 2008, 2010 және 2011 жылы туған үш бала иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.
Сондай-ақ Ақмола облысының Бектау ауылында бейсенбі, 18 қазан күні Жастар көшесіндегі екі пәтерлі жекеменшік тұрғын үйде өрт болды. Жалын тілі 18 шаршы метр аумақты шарпыды. ТЖ орнында 2 жастағы сәбидің мүрдесі анықталды. Иіс тиіп уланған 2008 жылғы тағы бір бала ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жауды өрт сөндірушілер келгенше жергілікті тұрғындар ауыздықтады.