ШҰҒЫЛ: Елдің бірқатар өңірлерінде 40 градусқа дейін күн суытады
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - 15-17 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында 33-38 градусқа дейін күшті аяз сақталады, кей жерлерде ауа бағаны 41 градусқа дейін төмендейді.
15-18 желтоқсанда Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа бағаны 35-40 градусты көрсетеді, кей жерлерде ауа температурасы 44 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.