ШҰҒЫЛ: Еліміздің шығысында түрмеден қашпақ болған сотталушының жолы кесілді
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысының қатаң режімдегі түзеу мекемелерінің бірінен қашпақ болған сотталушының жолы кесілді,
деп хабарлады ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қырағылық танытқан қарауыл қосынының кезекшісі негізгі қоршауға жүгіріп бара жатқан адамды байқап қалған. «Тоқта, әйтпесе атамын!» деген ескертуді сотталушы елең қылмаған. Сол кезде қарауылдың кезекшісі табельді қарудан ескерту ретінде ауаға атқан, осыдан кейін ғана сотталушы жерге етпеттей жатқан.
Бірнеше секундтардан кейін 25 жасар сотталушы ұсталды. Бірнеше рет істі болған азамат өзінің заңсыз әркетін оған теріс айналып кеткен туған-туыстарымен хабарласа алмай отырғандығымен байланыстырған.