ШҰҒЫЛ: Еліміздің төрт облысы аумағында республикалық жолдар жабылды
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Боранға байланысты еліміздің төрт облысы аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді.
Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Мәселен, Ақтөбе облысы бойынша кеше сағат 17.30 бастап "Ақтөбе-Атырау-РФ.шекарасы (Астрахань)" жолының 246-330 шақырымындағы "Байғанин ауылы-Атырау обл.шекара" аралығында жол жабылған болатын. Бүгін сағат 07.00 бастап аталған жолда көлік қозғалысы жанданды.
Бұдан бөлек, Ақмола облысындағы боран салдарынан 23 қаңтар күні автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдар жабылды:
Сағат 01.00 бастап "Астана-Қорғалжын" 19-180 шақырымы;
Сағат 02.10 бастап "Астана-Петропавл" 18-341 шақырымы;
Сағат 03.10 бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" 24-205 шақырымы;
Сағат 03.10 бастап "Екатеринбор-Алматы" 1280-1353 шақырымы;
Сағат 03.10 бастап "Екатеринбор-Алматы" 963-1184 шақырымы;
Сағат 03.10 бастап "Щучинск-Зеренді" 0-80 шақырымы;
Сағат 03.10 бастап "Көкшетау-Атбасар" 0-120 шақырымы.
Сондай-ақ 23 қаңтар күні Қарағанды облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты қоғамдық және жүк көліктері үшін мына жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды:
Сағат 05.45 бастап "Екатеринбор-Алматы" жолының 1369-1425 шақырымындағы "Осакаровка-Теміртау" аралығында;
Сағат 05.45 бастап "Екатеринбор-Алматы" жолының 1492-1854 шақырымындағы "Қарағанды-Балқаш" аралығында;
Сағат 05.45 бастап "Қызылорда-Павлодар" жолының 970-1066 шақырымындағы "Қарағанды-Молодежное" аралығында.
Ал сейсенбі күні Павлодар облысы бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдар жабылды:
Сағат 03.10 бастап "Астана-Ерейментау-Шідерті" жолының 205-259 шақырымындағы "Шідерті-Ақмола обл» аралығында.
Сонымен қатар, қоғамдық және жүк автокөлік түрлері үшін сағат 06.15 бастап "Қызылорда-Павлодар" жолының 1135-1205 шақырымындағы "Қарағанды обл-Шідерті" аралығында шектеу қойылды:
Онымен бірге, Шығыс Қазақстан облысы аумағында автокөліктің барлық түрлері үшін мына жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды:
22 қаңтар сағат 22.30 бастап "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" автожолының 54-123 шақырымындағы "Первомайка-РФ шекарасы" аралығында;
22 қаңтар сағат 23.00 бастап "Өскемен-Зырян-Рахман қайнары" жолының 6-165 шақырымындағы "Степное-Зырян" аралығында.