ШҰҒЫЛ: Елордада ірі жол апатында 3 адам қаза тауып, тағы 5-еуі зардап шекті

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін елордада екі көлік соқтығысып, 3 адам қаза тапты, тағы 5-еуі түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.
None
None

Бұл жайында Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сағат шамамен 23.00-де қаладағы медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін, 1989 жылы дүниеге келген азамат «Ниссан Максима» көлігімен Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында Алматы көшесіне қарай солға бұрылмақ болғанда «Тойота камри» көлігімен соқтығысты. «Тойота камри» Керей-Жәнібек хандар көшесімен Сауран көшесіне қарай келе жатқан. Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған «Ниссан Максима» автокөлігінің 18-24 жас аралығындағы үш жолаушысы қаза тапты. Олардың барлығы да елордадағы медициналық мекеменің қызметкерлері. Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған «Тойота» көлігіндегі 4 жолаушы мен «Ниссан» көлігіндегі тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Екі жүргізушіден де алкоголь не болмаса психотропты заттарды пайдаланғанын анықтау мақсатына қан сараптамасы алынды. Қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар