20:07, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Елордалық Қазмедиа орталығындағы өрт ауыздықталды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Елордалық Қазмедиа орталығында болған өрт ауыздықталды.

ҚазАқпарат тілшісіне Астана ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Бибігүл Есмағанбетованың хабарлауынша, өрт шыққаны туралы хабар 19:05-те келіп түсті, бес минуттан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетті.
«Қазір өрт болған жерде 22 бірлік техника жұмылдырылған, екі жауынгерлік учаске құрылды. Өрт ошағы ауыздықталды. Адамдар ғимараттан көшірілді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп қосты ол.
Өрт толық сөндірілгеннен кейін мұнда тергеушілер іске кірісіп, өрттің себебін анықтайды.
Еске салайық, өрт ғимараттың төменгі блогының төбесінде пайда болды.