ШҰҒЫЛ: Есіл өзеніне батқан «Тойота» автокөлігінен 4 ер адамның мәйіті табылды

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Астана қаласында 08 сағат 57 минутта «112» пультіне жергілікті тұрғындардан Есіл өзенінен «Тойота» автокөлігі табылғандығы жөнінде хабарлама түсті.

ШҰҒЫЛ: Есіл өзеніне батқан «Тойота» автокөлігінен 4 ер адамның мәйіті табылды

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті.

11 сағат 26 минутта ҚР ТЖМ суда құтқару қызметінің көмегімен (3 адам, 1 техника) ішінде 4 ер адамның мәйіті бар автокөлік судан шығарылды.