ШҰҒЫЛ: «ЕураАзияЭйр» авиакомпаниясы» АҚ-ның иелігіндегі МИ-8Т тікұшағының «қара жәшігі» табылды - ҚР БКП

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тергеу-жедел тобы мен маман авиаторлар «ЕураАзияЭйр» авиакомпаниясы» АҚ иелігіндегі МИ-8Т тікұшағының борттағы сөздерді жазып отыратын құрылғысын («қара жәшік») тапты, деп хабарлады ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

ШҰҒЫЛ: «ЕураАзияЭйр» авиакомпаниясы» АҚ-ның иелігіндегі МИ-8Т тікұшағының «қара жәшігі» табылды - ҚР БКП

Борттағы сөздерді жазып отыратын құрылғы Алматы қаласындағы техникалық орталыққа жіберілді. Мамандардың пікірінше, «қара жәшіктің» құпиясын ашуға кемінде бір апта кетеді. Тікұшақтың қирандыларын тасу жұмыстары басталды.