ШҰҒЫЛ: Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын 5-ші рет қорғап қалды

АЛМАТЫ. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше түнде  Украинаның Бровари қаласында ағайынды Кличколардың промоутерлік компаниясының ұйымдастырумен кәсіпқой бокс матчы болды.
None
None

Онда басты жекпе-жек Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBА) орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен жапониялық Макото Фучигами арасында өтті. 30 жастағы қарағандылық қарсыласын 3-раундта  техникалық нокаутпен ұтып, өзінің  22 жеңісіне қол жеткізді. Осымен 20 рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған ол бірде-бір рет жеңіліс таппаған. Геннадий WBO-ның бос тұрған Құрлықаралық Әлем чемпионы атағын 2009 жылы 11 шілдеде Германияда иеленген еді.  Ал оның 28 жастағы жапондық әріптесі өзінің 26 кездесуінде 7-рет жеңілістің ащы дәмін сезінді. Бұл оның  2009 жылы 21 шілдеден  кейін қатарынан 9 рет қол жеткізген жеңіс  сериясына нүкте қойды.

Соңғы жаңалықтар