ШҰҒЫЛ: «Хабар» Агенттігінің жаңа басқарма төрағасы тағайындалды
sp;АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - «Хабар» Агенттігінің жаңа басқарма төрағасы тағайындалды.
ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 3 шілдедегі бұйрығымен «Хабар»Агенттігі» АҚ басқарма төрайымы Ықсанова Гүлнәр Мұстахымқызының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатып, басқарма төрағалығына Үкібаев Айдос Ыдырысұлын тағайындау туралы шешім қабылданды.
Үкібаев Айдос Ыдырысұлы жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары лауазымын атқарды.