ШҰҒЫЛ: Иранда тағы жер сілкініп, кем дегенде 40 адамның өмірі қиылды

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Иранның оңтүстік-шығысындағы 7,8 магнитудадағы жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 40 адамның өмірі қиылды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
None
None

Зілзаланың ошағы Пәкістанмен шекаралас Систан және Белуджистан провинцияларында болды. Атап айтқанда, соңғы 40 жылда аталған елде бұндай қатты жер сілкінісі орын алып отыр.

Жерасты дүмпуі Үндістан астанасы мен Парсы шығанағы елдерінде сезілген. Бұл елдерде биік ғимараттардың шайқалуы байқалып, адамдар үрейленіп көшелерге шыққан.

10 сәуірде Иранның оңтүстік-батысындағы 6,8 магнитудадағы жер сілкінісінен 37 адам қаза болды. Ол кезде 850 адам зардап шеккен еді.

Соңғы жаңалықтар