ШҰҒЫЛ: Қадырхан Отаров Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

  АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат / Марлан Жиембай/ - Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Жер ресурстарын басқару агенттігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Қадырхан Махмұтұлы Отаровты таныстырды.

ШҰҒЫЛ: Қадырхан Отаров Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

«Мен Сізді Мемлекет басшысы артқан сенімді ақтайтындығыңызға әрі агенттік жұмысын жаңа деңгейге көтеретіндігіңізге сенімдімін», - деп атап өтті Премьер-Министр.

Айта кетейік, Қ. Отаров жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.