ШҰҒЫЛ: Қарағанды облысында 30 сотталушы өздерінің денесіне жарақат салды
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, 18 сағат 15 минутта АК-159/22 қатаң режимдегі түзеу мекемесінде (Қарағанды облысы, Қаражал қаласы) 30 сотталушы шанышпалы затпен денелеріне жеңіл жарақат салған.
Бұл актіні олар тыйым салынған заттарды тәркілеу жөніндегі арнайы контингентке қатысты жоспарлы тінту шараларын өткізуге кедергі жасау мақсатында жасаған.
Олардың бәріне ауруханаға жатқызбай-ақ тиісті медициналық көмек көрсетілді.
Бүгінгі таңда АК-159/22 мекемесі белгіленген режимде, ішкі тәртіп ережесімен қалыпты жұмыс істеуде.
Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, мұндай арандатушы әрекеттерді кейбір арам пиғылды сотталушылар топтары режимді және тәрбие жұмысын әлсірету үшін қасақана жасайды, деп атап көрсетті ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі.