ШҰҒЫЛ: Қарағандыда су басу жағдайлары орын алды
ҚАРАҒАНДЫ. 15 маусым. ҚазАқпарат - Қарағандыда бүгін нөсерлі жаңбырдан кейін жолдарда су басу жағдайлары орын алды, деп хабарлады оқиға орнынан ҚазАқпараттың тілшісі.
Қаланың орталығында жаяу жүргіншілер жолдары мен саябақ алаңдарын су басты. Мәселен қаланың орталығындағы «Бейбітшілік» бульварында жолдың жүретін жерлерінде су өзен болып ағып жатыр. Соның салдарынан көліктер «жүзіп» жүр, ал адамдар мүлде өте алмай қалды. Тіпті кейбір жерлерде су адамның тобығына дейін келіп, үлкендер кішілерді, жігіттер қыздарды көтеріп өткізуде. Кейбір аулаларда нөсерлі жаңбырдың салдарынан ағаштар сынып, опырылып құлауда. Сонымен қатар қаланың орталығында орналасқан үйлерде электр жарығы сөніп қалды.
Қарағанды орын алып орынған мұндай нөсерлі жаңбыр күн сайын бір апта бойы жауып тұр.