ШҰҒЫЛ: Қазақстан аумағында жер сілкінді

АЛМАТЫ. 8 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 8 маусым күні, Алматы уақытымен 03 сағат 55 минут 40 секундте жер сілкінісін тіркеді.

ШҰҒЫЛ: Қазақстан аумағында жер сілкінді

Зілзала ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қаратау сілемдерінде орналасты.

Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы - 10,7, MPV тербелісі - 4,6. Жер сілкінісі кінідігінің координаттары - 43.09° солтүстік ендік, 80.09° шығыс бойлық, тереңдігі - 15 шақырым.

2-3 баллдық жерасты дүмпуі Нарынқол кентінде сезілді.