ШҰҒЫЛ: Қазақстанда күн 10 градусқа дейін суытып, жаңбырдың соңы қарға айналуы күтілуде

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар облыстарында күн суытатыны туралы ескерту жасалды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

ШҰҒЫЛ: Қазақстанда күн 10 градусқа дейін суытып, жаңбырдың соңы қарға айналуы күтілуде

14-17 сәуір аралығында Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жауын-шашын болуы (жаңбырдың соңғы қарға айналуы), түнде ауаның температурасы 0-5 градус жылылықтан 0-5 градусқа дейін суытуы күтілуде.

14-18 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында - жаңбыр жауып соңы қарға айналады, ауаның температурасы түнде 2-3 градус жылылықтан 5-10 градусқа дейін суытады.

15-18 сәуір аралығында Қарағанды облысында жауын-шашын болады (жаңбырдың соңғы қарға айналады), ауаның температурасы 2-7 градус жылылықтан 3-8 градусқа дейін төмендейді.