ШҰҒЫЛ: Қазақстандық «KazEOSat-2» жер серігі орбитаға ұшырылды (ФОТО)
ЯСНЫЙ. ОРЫНБОР ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін 20 маусым күні Астана уақытымен 01 сағат 11 минутта Ресейдің «Ясный» базасынан «Днепр» зымыран-тасығышы ұшырылды.
Орбитаға ұшырылған 33 аппараттың құрамында біздің қазақстандық «KazEOSat-2» ғарыш аппараты бар. «Ясныйдың» мәжіліс-залынан бақылаған көптеген қонақтар үшін «Космортас» Халықаралық ғарыш компаниясының мамандары тікелей репортаж жүргізіп отырды. «Қазғарыш» төрағасы Талғат Мұсабаев бастаған қазақстандық делегация апараттың ұшырылу барысын дәл жанынан бақылады. Ұшудың циклограммасына сәйкес, алғашқы екi сатысының штаттық бөлiнуi орын алды, үшiншiнiң, ғарыштық бас қондырғысы бар екпiндеткiш сатысының басқаруы нәтижесiнде, ұшырылымның 948 секундында ғарыш аппараттарының бөлiнуi басталды. Өз орбиталарына ең бiрiншi КА Bugsat-1,Tablesat-Aurorа шығарылды. 954 секундта ең iрi аппарат испандық Deimos (300 кг) жерсерiгi бөлiндi. Тағы екi секундтан кейiн КА CubeSat спутнигi ашық ғарышқа шықты.
Және көптен күткен бұйрық 958 секундта жасалды: «КazEOSat-2» спутнигiнiң бөлiнуi"! Cонымен Қазақстанның жердi қашықтықтан зондтаудың екiншi жерсерiгi орбитада. "2014 жылдың 20 маусымда "KazEOSat-2" жерсерiгiн ұшыру арқылы бiздiң ел жердi қашықтықтан зондтаудың толыққанды ғарыш жүйесiне қол жеткiздi және заманауи ғарыш технологияларына ие мемлекеттермен бой түзедi, сонымен қатар Қазақстанның ғарыш саласында жасалған серпiндi қадам болды", - дейдi Қазғарышс басшысы Талғат Мұсабаев.