ШҰҒЫЛ: Қазақстандық жаттықтырушы Д. Өтешевтің өлімінің себебі белгілі болды - Ташкент

Бұл туралы ҚР-дың Өзбекстандағы Елшілігінен мәлім етті.
Бұған дейін хабарланғандай, 28 сәуір күні ауыр атлетика бойынша аға жаттықтырушы Данияр Өтешев өзінің қонақ үй бөлмесінде жансыз күйде табылды. Алдын ала болжам ретінде өз-өзіне қол жұмсау қарастырылды. Жаттықтырушы 10 спортшымен бірге 22 сәуір күні екі апталық оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Өзбекстан астанасына келген еді.
Қазақстандық спортшылардың айтуларынша, жексенбі күні таңсәріде жаттықтырушылары өзін нашар сезініп, бас ауруына шағымданған. Ал күннің екінші жартысында құраманың мүшелері қонақ үйдегі бөлменің есігін бұзып кіріп, онда Д. Өтешевтің жансыз денесін тапты.
Дүйсенбі, 29 сәуір күні кешке ҚР-дың ӨР-дағы елшілігі консулдық бөлімнің көмегімен Д. Өтешевтің денесі туысқандарының, жақындары мен 10 спортшының ілесуімен Қазақстанға жөнелтілді.