ШҰҒЫЛ: Қазақстандықтардың «Kcell» компаниясының акцияларын сатып алуға мүмкіндіктері бар - «Хабар» телеарнасында видеоэксклюзив

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін «Kcell» компаниясы өз акциясының бір бөлігін Қазақстанның қор биржасына, сондай-ақ Лондонның қор биржасына орналастыруға ниетті екендіктерін жеткізді.
None
None

Компанияның бас қаржы директоры Бауыржан Аязбаев мәлім еткендей, сатылымға 25 пайыз жай акция шығарылады.

Айта кетейік, «Kcell» 14 жыл бойы республикамыздың барлық аумағында ұялы байланыс қызметі ұсынып келеді. Қыркүйек айының соңында абонеттердің саны 12 млн. адамнан асты, бұл шамамен қазақстан нарығының жартысы. «Kcell» ақшалай түсімнің көлемі бойынша ел нарығының 57 пайызына ие.

«Қазақстанның қор нарығында біздің жай акцияларымыз орналастырылатын болады. Қатарынан Лондонның қор биржасында жаһандық депозитарлық қолхат орналастырылмақ», - деді «Хабар» агенттігіне эксклюзивті сұхат берген Б. Аязбаев.

Сюжеттің телекөрсетілімін мына жерден көрулеріңізге болады - https://www.khabar.kz/rus/economy/Kazahstanci_smogut_kupitj_akcii_KCell.html .

Соңғы жаңалықтар