19:54, 29 Сәуір 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Қазақстанның екі азаматшасы Прагадағы жарылыс кезінде жеңіл жарақат алды
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Прагадағы жарылыс кезінде көршілес үйде болған Қазақстанның екі азаматшасы әйнек жарқыншағы тиіп, жеңіл жарақат алды. Бұл туралы бүгін Твиттерде ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жарылыс Праганың Карлово университеті мен Чехия Ұлттық театрының жанындағы үйде болған.
Жарылыс салдарынан ғимарат елеулі бүлінген. Прагалық құтқарушылар басшысы Зденек Шварцтың айтуынша, кемінде 40 адам - университет студенттері жарақаттанған. Көпшілігіне сынған әйнектердің жарқыншағы тиген. Төрт адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Анықталмаған мәліметтер бойынша, зардап шеккен бір адам көз жұмған.
Полиция бүкіл ауданды, соның ішінде театр мен маңайдағы дәмханадағыларды көшірген. Университет әкімшілігі таяу күндері сабақ болмайтынын жариялады. Алдын ала болжам бойынша, төтенше оқиға газ жарылуы себебінен болған.