ШҰҒЫЛ: Қазанда Боинг апатқа ұшырап, 50 адам қаза тапты
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - "Қазан" халықаралық әуежайында қонарда "Мәскеу-Қазан" рейсіндегі Boeing ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады РБК.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, борттағы 44 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі қаза болған. Бұл туралы Ресей ТЖМ Татарстан Республикасы бойынша бас басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
"Оқиға орнында барлық шұғыл қызметтер жұмыс жасауда", - делінген баспасөз баянында.