ШҰҒЫЛ: Қазгидромет дауылдық ескерту жариялады

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК бүгін ел аймақтарында дауылдық ескерту жариялады.
None
None

4-5 қаңтарда Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 4-6 қаңтар аралығында Қарағанды облысында, 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт төмендеуі күтілуде. Түнде температура 30-35 градусқа дейін, кей жерлерде 38-ге дейін, күндіз 23-28, кей жерлерде 31 градусқа дейін аяз болады.

4-6 қаңтарда Қызылорда облысында түнде 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін аяздайды.

5-6 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде минус 15-20, кей желерде 25 градусқа дейін суытады, күндіз 10-15, кейбір жерлерде 18 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар