ШҰҒЫЛ: Кедендік бақылау комитетінің 10 қызметкері лауазымдарына сәйкес емес - аттестаттау нәтижесі

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Кедендік бақылау комитетінің 10 қызметкері өз лауазымдарына сәйкес емес.

ШҰҒЫЛ: Кедендік бақылау комитетінің 10 қызметкері лауазымдарына сәйкес емес - аттестаттау нәтижесі

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жоғары аттестациялық комиссиядан 28 аумақтық кеден органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары аттестаттаудан өтіп, оның 10-ы лауазымды қызметтеріне лайықсыз деп танылды», -  делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, аттестаттаудан өте алмаған 10 қызметкердің 4-еуі қызметіне лайықсыз деп танылып, лауазымдарын төмендету ұсынылды. Тағы 2 қызметкерді басқа лауазымға ауыстыру ұсынылды, қалған 4-еуі кеден органдарынан жұмыстан босатылды.

Қазіргі уақытта Орталық аттестаттау комиссиясы өз жұмысын бастады. Комиссия 176 лауазымды қызметкерді аттестаттаудан өткізеді. Олар контрабандамен күрес бөлімшесінің, жедел кезекшілік  және ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері.

Бастапқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша аттестаттаудан өткен 76 қызметкердің 9-ы лауазымды қызметтеріне лайықсыз деп танылды.