ШҰҒЫЛ: «Қиял әлемі» саябағындағы алапат өрт әлі ауыздықталған жоқ - Алматы
АЛМАТЫ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Қиял әлемі» саябағында 3 сағатқа жуық уақыттан бері алапат өрт болып жатыр. Будақтаған қою түтін алып шаһардың үстін жауып тұр.
Төтенше жағдайлар департаменті әзірге оған қандай бір түсіндірме беруден бас тартып отыр.
Жалпы «Алматы қиял әлемі» ойын-сауық саябағы 1997 жылы 29 желтоқсанында ашылған болатын. 13 жылға жуық уақыттың ішінде қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналған бұл орында қазір әртүрлі жас ерекшелігіне қарай 32 отбасылық, экстремалдық атракциондар мен балалар қалашығы бар. Алдын ала бейресми деректерге қарағанда өрт қоймадан шыққан.