18:33, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Көкшетау қаласында болған өрттің салдарынан 87 жастағы зейнеткер қаза ұшырады, 32 адам көшірілді
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін 14 сағат 46 минутта ІІД-нің жедел басқару орталығына Көкшетау қаласындағы Орталық шағынауданының көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінде өрт шыққаны туралы дабыл түсті, деп хабарлады Ақмола облысы ІІД баспвасөз қызметі.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, №1 арнайы өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жетті, олар 32 адамды қауіпсіз жерге көшірді, өрт шыққан ауданды қоршауға алды.
Өртт 15 сағат 28 минутта ауыздықталып, 15 сағат 45 минутта толық сөндірілді.
Өрт салдарынан №15 пәтердің балконынан 87 жастағы пәтер иесінің мүрдесі табылды, ал оның 1952 жылы туған ұлы ауыр термикалық күйік диагнозымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
Бұл шараға барлығы 45 полиция қызметкері, 8 автомашина, 6 бірлік өрт сөндіру техникасы, 25 өрт сөндіруші жұмылдырылды.
Алдын ала ақпарат бойынша, өрт пәтердегі газбен қамту жүйесінің ақауынан болған.