ШҰҒЫЛ: «Қорғас» ісі бойынша 45 адам қамауға алынып, тағы 18-і іздеуге жарияланды
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - «Қорғас» ісі бойынша 45 адам қамауға алынып, тағы 18-і іздеуге жарияланды.
Бұл туралы ҚР Қаржы полициясынан хабарлады.
«Агенттікпен «Қорғас» пен «Қалжат» кеден бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысу және ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Бұл қылмыстық іс бойынша 45 адам қамауға алынды, тағы 18 адам іздеуге жарияланды», - делінген таратылған баспасөз айғағында.
Бүгінгі күні айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру жүріп жатыр.