ШҰҒЫЛ: «Көркем» ТК-де зардап шеккендердің саны 18-ге жетті
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне нысан қызметкерлері хабарлады.
Олардың айтуынша, жұмыстарды 2 күн тоқтату туралы шешімді құрылыс компаниясының басшылығы айтқан. Осы уақыт аралығында металл құрылғылардың не себепті құлағаны анықталатын болады. Оқиға орнында Астана қаласының ІІД, ТЖД қызметкерлері тексеріс жүргізуде. Сондай-ақ, Есіл аудандық прокуратура қызметкерлері де осында.
Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер саны 18-ге жетті, барлығы ҚР азаматтары. Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. Олар түрлі дене жарақаттарымен Астана қаласының ауруханаларына жеткізілді, екеуі - ауыл халде. Айта кету керек, «Көркем» тұрғын үй кешенін Aybin constraction group компаниясы салып жатыр. Компания өкілдері де әзірше оқиғаға байланысты нақты мәліметтерді бере алмайтындарын алға тартуда.