ШҰҒЫЛ: Қостанай облысында өлтірілген полиция қызметкерінің мәйіті табылды

ҚОСТАНАЙ. 28 тамыз. ҚазАқпарат - Рудный қаласындағы мамандандырылған күзет қызметінің 28 жасар қызметкері өлтірілді, деп хабарлады Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

ШҰҒЫЛ: Қостанай облысында өлтірілген полиция қызметкерінің мәйіті табылды

Оның мәйіті 27 тамызда Федоров ауданына қарасты Андреевка кентінің маңында орналасқан орманнан табылды. Бастапқыда келіп түскен ақпаратқа қарағанда, полиция қызметкері қылқындырып өлтірілген.

Жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында Рудный қаласының 27 және 29 жастағы тұрғындары ұсталды. Олар полиция қызметкерінің танысы болған.

ҚР ҚК-нің 96 бабы 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдарының болжамы бойынша, кісі өлтіру оқиғасы қызғаншақтықтың салдарынан болған. Сараптама белгіленді, тексеру амалдары жүргізілуде.