ШҰҒЫЛ: Қостанай облысында үйлерінен шыққан өрттер кезінде 2 әйел көз жұмды

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Қостанай облысында өрттерде 2 әйел көз жұмды, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Дүйсенбі, 15 қазанда Қостанай облысының Арқалық қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болды. Жалын 1 шаршы метр аумаққа тарады. Өртті сөндіру кезінде 1958 жылғы әйелдің мәйіті табылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Сол күні Қостанай облысының Таран ауданында жекеменшік үй отқа оранды. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушылар өртпен күрес кезінде 63 жастағы әйелдің денесін тапты.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Қостанай облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум