ШҰҒЫЛ: ҚР Бас әскери прокуратурасында кадрлық өзгерістер жүргізілді

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасында кадрлық өзгерістер жүргізілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ШҰҒЫЛ: ҚР Бас әскери прокуратурасында кадрлық өзгерістер жүргізілді

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрықтарымен:

әділет полковнигі Жанатаев Ермек Есенгелдіұлы - Оңтүстік аймағының әскери прокуроры;

әділет подполковнигі Жұмәділов Данияр Бекдаирұлы - Ақмола гарнизонының әскери прокуроры қызметтеріне тағайындалды.

Бас әскери прокурордың бұйрығымен:

әділет подполковнигі Комиссаров Николай Николаевич - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының қолданылуын қадағалау бойынша Бас әскери прокурордың аға көмекшісі;

әділет подполковнигі Қапезов Арман Қуанышұлы - әскери қызметшілердің, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші тұлғалардың құқығын қорғау бойынша Бас әскери прокурордың көмекшісі қызметіне тағайындалды.