ШҰҒЫЛ: ҚР Қаржы полициясы бұрынғы білім вице-министрі Шаяхметовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 қарашада Қаржы полициясы агенттігі Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі С.Шаяхметовке қатысты қылмыстық істің тергеуін аяқтады.
None
None

Бұл туралы қаржы полициясының баспасөз хабарламасынан мәлім болды.

Оған Өскемен қаласындағы 700 орындық білім беру мекемесінің құрылысы барысында қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, бюджетке 1,1 млрд. теңге залал келтірді деген айып тағылуда.

«Салынып жатқан ҚР білім және ғылым нысандары дирекциясы» ЖШС бас директоры А.Пакке, «ЗАК Сервис» ЖШС бұрынғы бас директоры Р.Киреевке және аталған кәсіпорынның қазіргі директоры А.Тутубалинге алаяқтық жолмен аталған бюджет қаражатын ұрлады деген айып тағылды.

Бүгінгі күні айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын қылмыстық іс материалдарымен таныстыру процедурасы жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар