ШҰҒЫЛ: ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің жаңа басшысы қызметіне Мәжит Есенбаев тағайындалды
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті ұжымына жаңа басшы - Мәжит Есенбаевты таныстырды.
Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев 1949 жылы Павлодарда туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген. Мамандығы бойынша экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбек жолын Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы нормативтерді жоспарлау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының экономисі, халық депутаттары Қарағанды облыстық кеңесі атқару комитетінің бас жоспарлау-экономика басқармасы бастығының орынбасары, халық депутаттары Қарағанды облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып бастады.
Бұдан кейін еңбек қызметін ҚР Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы болып жалғастырды.
1997 жылдан Қарағанды облысының әкімі.
1999 жылдан ҚР Қаржы министрі.
2002 жылдан ҚР экономика және сауда министрі, кейінірек - ҚР индустрия және сауда министрі болып тағайындалды.
2003 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі.
2004-2008 жылдары - Ақмола облысының әкімі.
2008 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасының Бәсекелестіктікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы болды.