ШҰҒЫЛ: ҚР-ның бірқатар облыстарында ауа райының температурасы 6 градусқа дейін төмендейді - ТЖМ
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР-ның бірқатар облыстарында ауа райының температурасы 6 градусқа дейін төмендейді, ескерту жасады ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.
«22 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 22-23 сәуірде Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнде ауа райының температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде», - деп нақтылады синоптиктер.