ШҰҒЫЛ: ҚР СІМ Қазақстанның Германиядағы Бас консулдығының қызметкерін ұстау фактісін растады

АСТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Германиядағы Қазақстан бас консулдығының қызметкерін ұстау фактісін растады.

ШҰҒЫЛ: ҚР СІМ Қазақстанның Германиядағы Бас консулдығының қызметкерін ұстау фактісін растады

«ҚР СІМ Франкфурт-на-Майнедағы Қазақстан бас консулдығының қызметкерін ұстау фактісін растайды», - деп мәлімдеді ҚР СІМ ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Германия серіктестіктің кең спектрі бойынша, оның ішінде қылмыспен күрес, контрабандамен күрес саласы негізінде қызметтеседі. «Осындай негізде қазіргі таңда біз неміс әріптестерімізбен бірлесіп, жағдайдың анық-қанығын анықтау үшін жұмыс істеудеміз», деп ақпараттандырды ҚР СІМ ресми өкілі.

Bild неміс басылымы бұрын хабарлағандай, Германия құқық қорғау органдары Қазақстанның бас консулы Ахат Алпысбаевты және оның көмекшісін Франкфурт-на-Майнеде ұстады. Қазақстанның бас консулы темекі контрабандасымен айналысқан деген күдікпен айыпталуда. Жедел қызметкерлер бірнеше апта бойы А.Алпысбаевтың ізіне түсіп, артынан оны ұстау операциясын жүргізді. Сот, сондай-ақ, бас консулды қамауға алу санкциясын жариялады, деп хабарлайды басылым.