ШҰҒЫЛ: ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі реттелмелі жанар-жағармайдың шекті бағаларын төмендетті

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Брент маркалы мұнай бағасының өзгеруіне байланысты ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының ағымдағы жылдың 25 маусымындағы бұйрығы бойынша мұнай өнімдерінің бөлшектеп сатылуының шекті бағалары төмендетілді.
None
None

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қосылған құн салығымен қоса бағалар:

 Дизельдік отын              - литр үшін 90 теңге;

Аи - 80                            - литр үшін 86 теңге;

Аи - 92/93                       - литр үшін 106 теңге.

Аталған бұйрық Қазақстан Республикасы Мұнай және газ, экономикалық дамыту және сауда министрліктерімен келісілген, деп хабарлайды Табиғи монополияларды реттеу агенттігінен.

Бұйрықтың толық мәтіні агенттік сайтындағы - www.arem.kz «Заңнама» бөлімінде жарияланған.

Соңғы жаңалықтар