ШҰҒЫЛ: Қылмыстық топтың «серкесі» Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Ұйымдасқан қылмыстық топтың «серкесі», 48 жастағы қазақстандық азамат Біріккен Араб Әмірліктерінің полициясымен Дубай қаласында құрықталды.

ШҰҒЫЛ: Қылмыстық топтың «серкесі» Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталды

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен дәстүрлі брифинг барысында ведомство баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің іздестіру тапсырмасына сәйкес, «Интерпол» Ұлттық орталық бюросының жәрдемімен Біріккен Араб Әмірліктерінің полициясы халықаралық іздеуде жүрген 48 жастағы қазақстандықты Дубай қаласында ұстады. Қылмыстық топтың «серкесі» болып табылатын қылмыскер Тараз қаласындағы бір серіктестіктің директорынан ірі көлемде ақша бопсалағаны үшін 2007 жылдан бері іздеуде жүрген болатын», - дейді Н. Ораз.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ұсталған қылмыскерді елге экстрадициялау мәселесі шешілуде.