08:26, 05 Қазан 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Қызылорда облысында ауыл мектебі толығымен жанып кетті
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ауыл мектебінің ғимараты толығымен өртеніп кетті, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Бүгін сағат 02.26-да Қызылорда облысының Қыраш ауылдық округінде №180 «Қызыл-Мақташы» орта мектебінің бір қабатты ғимараты өртене бастады.
Жалын сағат 07.40-та сөндірілді. Аумағы 1310 шаршы метрді құрайтын мектеп ғимараты толығымен күлге айналды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 18 адамы мен 4 техникасы, Қыраш ауылдық округінің 25 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.