ШҰҒЫЛ: «Қызылжар» көліктік бақылау бекетіне шабуыл жасалды

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат 01.30-да «Алматы-Екатеринбор» автожолында орналасқан «Қызылжар» көліктік бақылау бекетіне шабуыл жасалды,
None
None

деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Инфинити» маркалы автомобиль көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары бірнеше ауыр жүк көлігін көліктік бақылау жүргізбейінше  бекеттен өткізбегені үшін автокөлік құралдарындағы бақылау  бөлімінің маманын соққыға жыққан.

«Оқиға салдарынан маман ауыр жарақат алды. Орын алған оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабар берілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген ведомство ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар