13:02, 10 Қазан 2012 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Мәжит Есенбаев Кедендік бақылау комитетіне дербестік беруді сұрады
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев өзі басқарып отырған комитетке дербес мемлекеттік орган құзыретін беруді ұсынды.
«Кеден одағындағы әріптестеріміз, яғни Федералдық кеден қызметі (Ресей) мен Беларусь мемлекеттік кедендік комитеті өз алдына дербес мемлекеттік орган болып табылады. Ал Кедендік бақылау комитетінің ҚР Қаржы министрлігінің құрылымы болғандықтан КО-дағы әріптестердікі секілді бізде ондай өкілеттілік пен құзыреттілік жоқ. Сондықтан да Бірыңғай экономикалық кеңістіктің дамуына байланысты мемлекеттік органның дербес мәртебесі бүгінде өте маңызды деп санаймын»,-деді М. Есенбаев.
Осы орайда комитет басшысы комиссия барысында бұл мәселені қарастыруды ұсынды.