ШҰҒЫЛ: Мемлекет басшысы инфляцияны болжанған дәлізде ұстау қажеттігіне және зейнетақы қорларын реттеуге қатысты нақты тапсырмалар берді

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Ұлттық банктің 2011 жылғы есебі қаралған кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айырбас бағамы саясатына, инфляцияны болжанған дәлізде ұстау қажеттігіне және зейнетақы қорларын реттеуге қатысты нақты тапсырмалар берді.
None
None

Г.Марченко Президентке Ұлттық банктің инфляция процестерін бақылау  және айырбас бағамының саясаты жөніндегі қызметі туралы баяндады. Ұлттық банктің есебін таныстыра отырып, Г.Марченко 2011 жыл барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан үшін жақсы жыл болғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Ұлттық қор активтерін басқару, сақтандыру нарығын дамыту және Кедендік одаққа мүше елдердің ақша-несие саясатындағы қызметін үйлестіру мәселелеріне назар аударды.     

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Мусин, Ұлттық банк Төрағасы Г.Марченко, Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келімбетов, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Қаржы министрі Б.Жәмішев, Экономикалық даму және сауда министрі Б.Сағынтаев, Ұлттық банк басшылығы, сондай-ақ Ұлттық банктің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау комитетінің басшысы қатысты.

Соңғы жаңалықтар