ШҰҒЫЛ: Мемлекетаралық авиациялық комитет Алматы маңында апатқа ұшыраған CRJ-200 ұшағының «қара жәшігін» оқу нәтижесін тергеу комиссиясына тапсырды
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекетаралық авиациялық комитет мамандары 29 қаңтарда Алматы маңында апатқа ұшыраған CRJ-200 UP-CJ006 ұшағының борттық құрылғыларынан алынған ақпаратты қалпына келтіру және есептеу бойынша жұмысты атқарды.
Бұл туралы МАК-нің ресми сайтынан хабарланды.
«Ұшудың апатты жағдайда болғаны жайлы ақпарат бар. Борт құрылғысынан алынған барлық тіркелген мәліметтер көшіріліп, әрі қарай өңдеу, талдау үшін Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 13-ші қосымшасына сәйкес тергеу комиссиясына тапсырылды», - деп хабарланды МАК-нің сайтынан.