09:30, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
ШҰҒЫЛ: Метеориттің құлауынан зардап шеккендердің саны 1,2 мың адамға жетті
АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Челябі облысында метеориттің құлауынан зардап шеккендердің саны 1,2 мың адамға артты,

деп хабарлады Ресей Жаңалықтар агенттігі РФ-ның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Шыны сынықтарынан 1145 адам жарақаттанды, соның 50-і емдеу мекемелеріне жатқызылды. Оқиға салдарынан 2962 нысан зардап шекті, оның 34-і денсаулық сақтау, 11-і әлеуметтік қорғау мекемесі, 361-і мектеп пен балабақшалар», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 15 ақпан күні метеоритті жаңбыр Челябі, Түмен, Қорған және Свердлов облыстарында, сондай-ақ Қазақстанның солтүстік өңірлерінде тіркелді. Метеориттің құлауынан келтірілген материалдық шығын алдын ала жасалған болжам бойынша, 1 миллиард рубльдан (33,2 млн. доллар) асады.